17 мамыр Дүние жүзілік гипертониямен күрес күні.
“Дені сау ұлт” әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде “Қан қысымыңызды дәл өлшеңіз. Оны басқарыңыз. Ұзақ өмір сүріңіз”ұранымен Ауруханамызда Ашық есік күні өткізілді.
Тұрғындарға профилатикалық кеңес беріліп, скринингтік тексерулерден өту керектігі туралы айтылды.
Сонымен қатар медицина қызметкерлері қан қысымы өлшеу және халықты өз қан қысымын қалай бақылау керектігі туралы әдіс тәсілдермен бөлісті.